Жамбыл облысында жол апаты: 7 адам қаза тапты

Жамбыл облысында жол апаты: 7 адам қаза тапты

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан 7 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға 16 қыркүйекте сағат 18:30 шамасында "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" республикалық маңызы бар автожолының 526-шақырымында болған.

Cadillac Escalade маркалы көлігінің жүргізушісі алдынғы көлікті басып озып, қарсы бағытқа шығуы салдарынан сол бағытта келе жатқан DAF маркалы жүк көлігімен соқтығысуға жол берді.

Салдарынан Cadillac Escalade көлігі өз жолағына түсіп, "Газель" маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Соқтығысқаннан кейін екі көлік те бірден өртеніп кеткен.

Оқиға орнында "Газель" автокөлігінің 37 жастағы жүргізушісі, Cadillac Escalade көлігінің 30 жастағы жүргізушісі және оның 5 жолаушысы қаза тапты. Оның ішінде 2 жасар бала бар.

Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Жамбыл облысы Полиция департаменті жол ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина