- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жамбыл облысында жоғалған...
Жамбыл облысында жоғалған әйел бес күннен кейін ауыр жағдайда табылды
Жамбылдық полицейлер жоғалып кеткен әйелді ауыр жағдайда тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылым мәліметінше, Жамбыл облысы Сарысу ауданының полиция бөліміне Саудакент ауылының тұрғыны 2011 жылдан бері психикалық диспансер орталығында есепте тұратын 37 жастағы қарындасының жоғалып кеткенін айтқан. Әйел үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, жақындарымен байланысқа шықпаған.
Хабарламадан соң Сарысу аудандық полиция бөлімінің жеке құрамы шұғыл түрде дабыл бойынша көтеріліп, жоғалған әйелді іздеуге жұмылдырылған.
"Іздеу жұмысына волонтерлер мен жергілікті тұрғындар, аудандық төтенше жағдай бөлімінің қызметкерлері де қосылды. Әйел Сарысу ауданының елді мекендерінде ғана емес, шекара маңындағы ауылдардың аумағында да ізделді. Көшелер, үйлер, аулалар, қараусыз қалған ғимараттар мен жертөлелер, жолдың бойы тексерілді.
Жоғалған әйел бес күннен кейін жазық далада ауыр жағдайда табылды.
Есін білгенмен, суық пен аштықтан әбден қажып, әлі құрыған. Сол жерде оған медициналық көмек көрсетілді", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова