Жамбыл облысында жоғалған әйел аман табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Жамбыл облысының Шу ауданында ТЖМ құтқарушылары кеше кешке малшыға көмектесу үшін шығып, хабарсыз кеткен әйел адамды іздеу бойынша іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізді.
Іздестіру жұмыстары барысында құтқарушылар, арнайы техника, кинологиялық есептоп және ұшқышсыз ұшу аппараты жұмылдырылды.
Бүгін таңертең жоғалған азаматша көрші қожалықтың аумағынан табылды. Жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмек қажет болмады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz