- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жамбыл облысында жетім...
Жамбыл облысында жетім балалардың тұрғын үйге қатысты құқықтары бұзылған
Жамбыл облысының Меркі ауданында жетім балалардың тұрғын үйге қатысты құқықтары бұзылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Жамбыл облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Уәкілетті орган мемлекеттік тұрғын үй қорынан пәтер алуға бірінші кезектегі құқығы бар тұлғалар арасында тұрғын үйлерді бөлу кезінде заңнаманы бұзуға жол бергені анықталды.
Мысалы 2022 жылы аудан әкімдігі тұрғын үй қорынан 20 пәтер сатып алғанымен, бірде-бір жетім балаға баспана бермеген.
Осылайша, жетім балалар мемлекет кепілдік берген кезекке тұру құқығынан және баспана алу мүмкіндігінен айырылды.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 3 бала тұрғын үй кезегіне қойылды, 4 балаға құқықтық құжаттарды рәсімдей отырып, тұрғын үй қорынан пәтер берілді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина