Жамбыл облысында 10 шілдеге қараған түні жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан ұлттық деректер орталығының жедел дерегіне сүйенсек, жерасты дүмпуі 10 шілдеде Астана уақытымен сағат 00:59-да тіркелген. Жер сілкінісінің эпицентрі Тараздан оңтүстік-батысқа қарай 65 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің магнитудасы - 4,5. Жерасты дүмпуі қалай сезілгені, қираған ғимараттар туралы ақпарат жоқ.
Айта кетейік, 4 шілдеде де Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезді. Ол кезде жерасты дүмпуінің қарқыны 2 балл болды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!