Жамбыл облысында жер сілкінді

Жамбыл облысында жер сілкінді
Фото: Коллаж: Яндекс карта скриншоты, depositphotos.com

Бүгін, 18 желтоқсанда Жамбыл облысында жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қазақстанның ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап

Жедел ақпаратқа сәйкес, 18 желтоқсанда Астана уақыты бойынша 18:11-де (GMT 13:23) Тараздан батысқа қарай шамамен 108 шақырым қашықтықта жер сілкінді.

Эпицентр координаттары: солтүстік ендік - 42,82 градус, шығыс бойлық - 70,22 градус.

Магнитудасы - 3,6. Энергетикалық класы - 8,5. Тереңдігі - 8 шақырым.

Құрбандар мен қираған ғимараттар туралы ақпарат түскен жоқ.

Еске салайық, Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмология институтының мәліметінше, 18 желтоқсанда Астана уақытымен сағат 15:01-де ҰМҒТСО ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеген еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан