Жамбыл облысында жекеменшік балабақшада жағаұстатарлық жағдай болған

Жамбыл облысында жекеменшік балабақшада жағаұстатарлық жағдай болған
Фото: Видео кадры

Жамбыл облысында жекеменшік балабақшада жағаұстатарлық жағдай болған. Тәрбиеші балаға күш көрсетті деп айыпталып отыр. Қазір бұл іс тергеліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Жетінші арнаға" сілтеме жасап.

Кадрларда мектепке дейінгі мекеме қызметкері балаға қол көтергені көрінеді. Екі жасар бүлдіршіннің денесі көгергеніне алаңдаған анасы тәрбиешілерден түсініктеме беруді талап еткен. Ол бейнебақылау камераларындағы жазбаны көрсетуді талап еткен. 

"Бұл жағдайға қатысты кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндетті тиісінше орындамау дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесіне сәйкес шешім қабылданады", - деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget