- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жамбыл облысында жасөспірім...
Жамбыл облысында жасөспірім өлі табылды: күдікті ұсталды
Фото:
gov.kz
2024 жылғы 13 мамырда Жамбыл облысы Меркі аудандық орталық ауруханасынан Сыпатай батыр ауылындағы үйлердің бірінің жанынан кәмелетке толмаған баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жасөспірімнің өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, сараптамалар тағайындалды.
"Полиция қызметкерлерімен ізін суытпай кәмелетке толмаған ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сонымен қатар, оған қатысты суық қаруды заңсыз алып жүргені үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан