Жамбыл облысында автокөлік пен пойыз соқтығысып, алты адам қаза тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
1 қарашада сағат 08:55 шамасында Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөліміне Меркі ауданының Қарасу ауылында теміржол өткелінде жолаушылар пойызы Audi автокөлігімен соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түсті. Көлік апатының салдарынан 6 адам қаза тапты.
"Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қажет сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында кезекшi жедел-тергеу тобы жұмыс iстеп жатыр", - деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!