Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды: 6 адам қаза тапты

Жамбыл облысында жантүршігерлік жол апаты болды: 6 адам қаза тапты
Фото: Polisia.kz

Жамбыл облысында автокөлік пен пойыз соқтығысып, алты адам қаза тапты, - деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қарашада сағат 08:55 шамасында Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөліміне Меркі ауданының Қарасу ауылында теміржол өткелінде жолаушылар пойызы Audi автокөлігімен соқтығысқаны туралы хабарлама келіп түсті. Көлік апатының салдарынан 6 адам қаза тапты. 

Polisia.kz

"Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Қажет сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында кезекшi жедел-тергеу тобы жұмыс iстеп жатыр", - деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова. 

Polisia.kz

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек