Жамбыл облысындағы жанармай құю бекеттерінің бірінде мотоцикл жүргізушісі пышақталып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде оқиғаның видеосы пайда болды. Кадрларда мотоцикл жүргізушісі жанармай құю бағанына қарай келе жатқаны, оның артынан ер адам еріп келе жатқаны көрінеді. Бір кезде ер адам қалтасынан пышақ тәрізді нәрсе шығарып, мотоцикл жүргізушісіне бірнеше соққы жасайды.
Видеоға қарағанда, олардың арасында бұрын жанжал шыққан болуы мүмкін. Алайда жәбірленуші мұндай шабуылды күтпегені байқалады.
Бұл оқиға Жамбыл облысы Мерке ауылының маңында болған. Кейін шабуыл жасаған адам ақ көлікке отырып, оқиға орнынан кетіп қалған.
Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, пышақ жарақаты бар 32 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілген.
"Алғашқы көмек көрсетіліп, тігістер салынды", - деді Жамбыл облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова