Жамбыл облысындағы бақылау-өткізу бекетінде қызметтік ит қазақстандықтың көлігінде тыйым салынған затты тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚК Шекара баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"2023 жылғы 23 маусымда ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысының "Қордай" автомобильдік өткізу пунктінде қызметтік иттің көмегімен шекаралық бақылау жүргізу барысында қазақстандықтың 1 келі "гашиш" есірткі затын өткізу әрекетінің жолын кесті", - делінген хабарламада.
Әрі қарай тексеріс жүргізу үшін ұсталған адам және тәркіленген есірткі полиция органдарына тапсырылған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!