- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жамбыл облысында инвестиция...
Жамбыл облысында инвестиция тартуға аудан әкімдері де жауапты болады
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев аудан әкімдеріне инвестиция тартуға тапсырма бергенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ол өңірге инвестиция тарту жұмысы жалғасып жатқанын атап өтті.
"Жыл соңына дейін инвестиция көлемін 572 миллиард теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бүгінгі көрсеткіш – 365 миллиард теңге, өсім 12 пайыз. Қазір облыстың инвестициялық портфелі 2,3 трлн теңгеге 69 жобаны қамтиды. Бұл жобаларды 2026 жылға дейін іске асыру жоспарланып отыр. Оларды іске асыру қосымша 5,5 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді", - деді Ербол Қарашөкеев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Облыс әкімінің айтуынша, биыл 87 миллиард теңгеге 20 жоба іске асыру жоспарланып отыр. Нәтижесінде 575 жұмыс орны ашылмақ.
Сондай-ақ ол аудан әкімдеріне инвестиция тартуға тапсырма бергенін айтты.
"Бізде өңірге жаңа инвестиция тарту бойынша нақты жоспар бар. Реттеуші кедергілерді азайтуға, инвестиция тартудағы жұмысымыздың тиімділігін арттыруға ниеттіміз. Инвесторлармен жұмыс жүргізуде "бір терезе" қағидаты негізінде инвестиция тартудың бизнес-процестерін қайта қараудамыз. Әр аудан әкімдеріне нақты міндеттер қойылып, инвестиция тарту бойынша мерзімдері айқындалған KPI белгіленді", - деді облыс әкімі.
Аяз Есен
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Massaget.kz