Жамбыл облысында есірткі таратумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ұзақ мерзім бойы жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде есірткі таратуға қатысы бар алты адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді. Ұстау операциялары мен тінту әрекеттері бір мезгілде Тараз қаласында және Жамбыл ауданындағы жеті мекенжай бойынша өткізілді.
Барлығы шамамен 1 келі гашиш есірткі заты және 4 келі кептірілген марихуана тәркіленді. Сондай-ақ марихуананы тұтынуға арналған қолдан жасалған құрылғы (булбулятор) табылды.
"Алдын ала сөз байласқан адамдар ірі мөлшердегі есірткі құралдарын сату мақсатында дайындап, сақтап, тасымалдаумен айналысқан. Қазір соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Жедел іздестіру іс-шараларын облыстың полиция қызметкерлері ҚР ІІМ-нің профильдік комитетімен және Жамбыл облысының прокуратурасымен бірлесіп жүргізді", - деп жазылған хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!