Жамбыл облысында ер адам "Сергек" камерасына оқ атқаны үшін жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мән-жайы
Сот мәліметінше, 2025 жылы желтоқсанда М. Сарыкемер - Түймекент - Ақшолақ тасжолында пневматикалық мылтықтан оқ атып, "Сергек" камерасына қасақана зақым келтірген. Осылайша "І." ЖШС-ға материалдық шығын келген.
Сотта ер адам кінәсін толық мойындап, келтірілген залал ішінара өтелгенін жеткізген. Ал жәбірленуші тарап залал толық көлемде өтелмегенін мәлімдеген.
Сот үкімі
Сот қаулысымен М. ӘҚБтК-нің 147-1-бабы 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 196 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова