- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жамбыл облысында ер...
Жамбыл облысында ер адам көлігімен аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдағанын білмей қалған
Жамбыл облысында ер адам көлігімен аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдағанын білмеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шу аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің қызметкерлері есірткіні аса ірі мөлшерде тасымалдау дерегін анықтады. Шу қаласында полицейлер бекітілген аумақты патрульдеу барысында "Nissan Maxima" маркалы автокөлігін тоқтатқан.
Тексеру кезінде көліктің жүк салатын бөлігінде жалпы салмағы 8 келі 750 грамм кептірілген марихуана салынған қапшық табылды. Тыйым салынған зат бұрын осындай қылмысы үшін сотты болған 28 жастағы жолаушыға тиесілі болып шықты.
Ұсталған ер адам кінәсін мойындады. Оған қатысты сотпен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Күдіктінің айтуынша, ол досынан өзін көлікпен алып кетуін сұрап, өзімен бірге ауыр жүгі, яғни бір қап пиязы салынған сөмкесі бар екенін айтқан. Достары келгенде, ер адам оларға сөмкенің ішіндегі зат туралы хабарламай, жүксалғышқа затты салған. Жүргізуші өзімен бірге аса ірі мөлшерде есірткі затын тасымалдағанын білмеген.
Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз ұстау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Осы баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина