2024 жылғы 26 қазанда Тұрар Рысқұлов ауданында екі ер адам зираттың темір қоршауын ұрлау кезінде ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҚР ҚК-нің 24-бабы (Қылмысқа оқталу) және ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Күдіктілер 33 жастағы Жамбыл ауданының және 34 жастағы Байзақ ауданының тұрғындары екені анықталды.
Тергеу барысында күдіктілердің бұрын жасаған Талас ауданы маңындағы зират қоршауларын ұрлау дерегіне қатыстылығы белгілі болды.
Қазіргі уақытта олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!