Жамбыл облысында екі адам кәріз құдығына уланып қаза тапты

Жамбыл облысында екі адам кәріз құдығына уланып қаза тапты
Фото: gov.kz

Жамбыл облысы Шу ауданында екі адам кәріз құдығына жиналған газдан уланып қаза тапты. Оларды құтқарамын деп көмекке ұмтылған тағы бір қызметкер жансақтау бөліміне жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Шу қаласы ауруханасының ауласында болған. Куәгерлердің айтуынша, кәріз жүйесін жөндеуге түскен сантехник тұншығып, жанұшыра көмек шақырған. Телеарна мәліметінше, осы дауысты естіген зертхана қызметкері әріптесін шығарып алу үшін тереңдігі үш метр құдыққа түсіп талып қалған. Есінен танып жатқан екі адамды құтқарамын деп көмекке ұмтылған үшінші адам да құдықтан шыға алмай қалған.

Оқыс оқиғадан құдыққа үшінші болып түскен сантехник қана аман қалған. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.

"ҚК-нің 156-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеп-тексеру нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады", - деді Жамбыл облысы ПД ресми өкілі Құндыз Бөгенбаева.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget