Жамбыл облысында жайылымдағы жылқыны атып алып кеткен күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Талас ауданының тұрғыны жайылымдағы жылқыларын тексеру кезінде күдік тудырған Volkswagen Passat маркалы көлігін байқап, полиция қызметкеріне хабар берген.
"Көлік Үшарал ауылы маңында тоқтатылды. Тексеріс барысында көліктің жүк салғышы мен салонынан жылқының бөлшектелген еті, мал союға арналған құралдар, аңшы мылтығы тәркіленді. Күдіктілер жайылымдағы жылқыны атып алып, сол жерде сойғаны белгілі болды", - деп жазылған хабарламада.
Бұл дерекке қатысты соталды тергеп-тексеру басталды.
"Күдіктілер - 49 және 65 жастағы екі ер адам. Олар кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды", - деді полиция.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!