- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Полиция
Жамбыл облысында діни радикалдар тобының 11 мүшесі ұсталды
Жамбыл облысында полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл бөлінісі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен тұрақты діни радикалдар тобының 11 мүшесін ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Олар әлеуметтік желілерде шетелдік радикалды уағызшылардың дәрістерін, аудио және бейнематериалдар таратқан. Бұл материалдардың кей бөліктеріне бұрын сот тәртібімен Қазақстан Республикасының аумағында діни араздықты қоздырушы ретінде таратуға тыйым салынған болатын.
Тұрақты мекенжайлары бойынша жүргізілген тінту кезінде түрлі діни мазмұндағы материалдар мен басқа да заттай айғақтар тәркіленді. Сараптама нәтижесінде аталған материалдарда діни араздықты насихаттау белгілері анықталды.
Төрт күдікті, яғни топтың көшбасшылары мен белсенді қатысушылары уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, қалғандары мойындау көрсетпелерін берді.
Қазіргі уақытта топ болып діни араздықты қоздыру белгілері бойынша алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан