Жамбыл облысында діни радикалдар сотталды

Жамбыл облысында діни радикализммен айыпталған 4 тұлғаға қатысты үкім шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Биыл Бірлесу Еңбек ауылында Жамбыл ауданы прокуратурасының нұсқауы негізінде полиция мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері діни алауыздықты нәсихаттайтын әдебиеттерді таратумен айналысып келген 4 адамнан құралған адамдар тобын құрықтаған.

Аталған тұлғалар ел аумағында тыйым салынған діни материал мен уағыз-насихатты әлеуметтік желілерде жариялап отырған.

"Күдікке ілінген тұлғалардың үй жайларына тінту барысында Қазақстан Республикасының аумағында діни алауыздықты қоздырушы ретінде таратуға тиым салынған материалдар тәркіленген", - делінген хабарламада.

Маусымда Жамбыл аудандық соты жоғарыда көрсетілген тұлғаларды ҚК-нің 174-бабы 1-бөлігімен көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып (діни алауыздықты қоздыру), әрқайсына 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

Сот үкімдері заңды күшіне енді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!