- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жамбыл облысында бұрын...
Жамбыл облысында бұрын сотталған адамнан 50 келіден аса есірткі табылды
Жамбылдық полицейлер ауыл тұрғынынан 50 келіден астам есірткі тәркіледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шу ауданында жабайы қарасора өсетін жерлерде есірткі дайындау кезінде бұрын сотты болған 39 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.
Аумақты тексеру кезінде жалпы салмағы 50 келі 290 грамм кептірілген марихуана және каннабис өсімдігі есірткі құралдары табылып, тәркіленді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Ұсталған адам кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта осы дерек бойынша ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды (есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау). Осы баптың санкциясы 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді", - деді Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция подполковнигі Әлім Бажықбаев.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина