- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жамбыл облысында бухгалтер...
Жамбыл облысында бухгалтер қызметкерлерге 3 жыл бойы авансты заңсыз аударып келген
Жамбыл облысында 9 миллион бюджеттік қаражатты заңсыз жұмсағаны үшін бухгалтер сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шу ауданында бухгалтер Балалар мен жасөспірімдер өлкетану және туризм орталығының қызметкерлеріне 3 жыл бойы қаражатты аванс түрінде заңсыз аударған.
"Бухгалтердің қылмыстық әрекетін Шу ауданының прокурорлары анықтап, 2023 жылғы 1 тамызда Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен ("Ірі мөлшердегі кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") сотқа дейінгі тергеп-тексеру тіркеді. Тергеу Жамбыл облысы экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды. Мемлекетке келтірілген залал 9,9 миллион теңгеден асты, ол тергеу барысында өтелді", - делінген хабарламада.
2023 жылғы 9 қарашада Шу аудандық сотының үкімімен орталықтың бухгалтері 4 жылға бас бостандығынан (шартты түрде) айырылды және 5 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметпен айналысуына тыйым салынды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан