Жамбыл облысында бір топ адам 24 жастағы жігітті интим видеосын таратамыз деп қорқытқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Таразда 24 жастағы тұрғын полиция бөліміне бопсалау дерегі туралы шағымданған. Жігіт біреулердің оны бопсалап, қоқан-лоқы көрсетіп, интим видеосын таратамыз деп қорқытқанын айтқан. Құпияны сақтау үшін олар 990 мың теңге талап етіп, иемденген.
Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 94-бабы 2-бөлігі (Бопсалау) бойынша соталды тергеу амалдары басталды. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде Жамбыл облысының полиция департаменті өкілдері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Арлан" арнайы мақсаттағы бөлінісімен бірлесіп 29, 28, 24 және 19 жастағы төрт ер адамды анықтап ұстады. Ұсталғандар кінәсін толық мойындады.
24 пен 29 жас аралығындағы күдіктілер Тараздың уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалған екеуіне қатысты ешқайда кетпеу туралы жазбаша бұлтартпау шарасы таңдалды. Ұсталғандардың бірі бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Қазір істің толық мән-жайын анықтау үшін барлық қажет жедел-тергеу іс-шарасы жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!