Жамбыл облысында бір ауылды су басты

Жамбыл облысында бір ауылды су басты
Фото: Өңір әкімдігінің баспасөз қызметі

Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Жасөркен ауылын су басты. Мұнда толассыз жауған жаңбыр салдарынан 30-дан аса ауланың аумағы су астында қалды. Жамбыл облысының әкімі жағдайды өз бақылауына алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта ТЖД мамандары Жамбыл ауданы Жасөркен ауылында жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнында барлық жауапты мекеме жұмыс істеп жатыр, қажет техника жұмылдырылған, су сорылып жатыр.

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, Жамбыл облысының су қоймалары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Олар толып кетеді деген қауіп жоқ.

"Құрметті облыс тұрғындары! Қорқынышқа бой алдырмай, тек ресми дереккөздерге сенулеріңізді сұраймын. Облыстың барлық су қоймасы штаттық режимде жұмыс істейтінін, олардың толып кету қаупі жоқ екенін растаймын", - деді облыс әкімі.

Қазіргі уақытта су деңгейі 40 сантиметрден 10 сантиметрге төмендеді. Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары ұйымдастырылды.

"М.Әуезов атындағы орта мектептің оқушылары уақытша онлайн білім алады. Адам шығыны жоқ. Мал өлімі фактілері тіркелген жоқ", - деп жазылған әкімдік хабарламасында.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Massaget.kz