Жамбыл облысында бір апта ішінде үш мәрте жер сілкінісі тіркеліп, оның ең жоғары магнитудасы 4,5 балға жетті. Осыған байланысты республикалық маңызы бар жолдардың жағдайы тексерілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Аlmaty.tv-ға сілтеме жасап.
"ҚазАвтоЖол" мамандары өңірдегі транзит дәліздеріндегі инфрақұрылым нысандарын толық аралап шыққан. Сегіз аудандағы 14 жол айрығы, сегіз теміржол өткелі, 100-ге жуық көпір және үш жерүсті жаяу жүргіншілер өткелі тексерілген.
Тексеріс нәтижесінде қауіпті ақау анықталмаған. Қазір республикалық жолдарда көлік қозғалысы қалыпты режимде жалғасып жатыр.
"Жер сілкінісі кезінде жарықтар пайда болған жағдайда алдымен оның қандай жарық екенін зерделейміз. Апат жағдайында болса, алдын ала тиісті өкілдерге хабар беріледі. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша алдын алу шаралары ұйымдастырылады. Үш жер сілкінісі кезінде ондай қауіпті жарықтар пайда болған жоқ", – деді "ҚазАвтоЖол" АҚ Жамбыл облыстық филиалының бөлім басшысы Біржан Әшіров.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова