Жамбыл облысында баласын қоқысқа тастаған әйел анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру және тергеу іс-шаралары барысында жаңа туған нәрестені қауіпті жағдайда қалдырған күдікті әйел аз уақытта анықталған.
"Күдікті полиция бөліміне жеткізілді, кінәсін мойындады. Жан-жақты тергеп-тексеру нәтижесінде процессуалдық шешім қабылданады", - деді полиция.
Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында қоқыстан жаңа туған сәби табылғаны хабарланды.
Желіде тараған мәліметке сүйенсек, оқиға Қордай ауданындағы Гвардиялық гарнизон аумағында болған. Алдын ала мәлімет бойынша табылған сәби - қыз бала.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз