Қаратауда полиция қызметкерлері балалар отырған шананы көлікпен сүйреген жүргізушінi анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Құжаттарын тексеру кезінде ер адамның көлік құралын басқаруға құқығы жоқ екені белгілі болды. Ал оның жолаушылары кәмелетке толмаған жас балалар болған.
Өзінің жауапсыз және қауіптi әрекеті үшін құқық бұзушыға әкімшілік хаттама толтырылып, 73 840 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Жасөспірімдердің ата-аналары кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 36 920 теңге көлемінде айыппұл төлейтiн болды.
Жамбыл облысының полиция департаменті жүргізушілерге автокөліктерге шананы, тюбинг және басқа да құрылғыларды байлап, сырғанаудың қауіпті екенін ескертті. Өйткені көлік кенеттен тоқтаған кезже шанадағы адам соғылуы, көліктің астына кіріп кетуі немесе одан ажырап кетуі, қоршауға, басқа да кедергілерге соқтығысуы мүмкін.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!