Жамбыл облысында балалар құлдықта ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл жайтқа бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Жамбыл облысы Талас ауданында болған.
"Балалардың мекен жайы анықталды. Бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жергілікті бала құқықтары жөніндегі уәкіл оқиғаның мән-жайын анықтау үшін балаларға барады", - деді Динара Зәкиева.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте асырап алған балаларын аяусыз қорлаған адам жазадан құтылып кеткені хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!