- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жамбыл облысында әйелдің...
Жамбыл облысында әйелдің көлікте қалған телефонын туысы ұрлап кеткен
Жамбыл облысында ер адам туысының телефонын ұрлап кеткен. Байзақ ауданында полиция күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
44 жастағы әйел көлігін үйінің ауласына қойып, есігін құлыптауды ұмытып кеткен. Кейінірек ол 170 мың теңге тұратын ұялы телефоны жоғалғанын білген.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері жәбірленушінің туысы, яғни 20 жастағы жігіттің ұрлыққа қатысы барын анықтады. Қазіргі уақытта соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
"Ұсталған адам кінәсін мойындады. Полиция көлік иелеріне сақ болуға, терезелерді, есіктерді ашық қалдырмауға, сондай-ақ көліктерін мамандандырылған автотұрақтарға немесе жарық жерлерге қоюға кеңес берді", – деп жазылған хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова