Жамбыл облысында әйел төрт метрлік шұңқырға құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ге сілтеме жасап.
Оқиға Жамбыл ауданына қарасты Айша бибі ауылында болған.
"Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу жетті. Олар альпинистік жабдықты пайдаланып, тереңдігі төрт метрден асатын шұңқырға түсті, зардап шеккен әйелді шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды", – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында әйелдің өмірі аман қалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!