Жамбыл облысында әйел баласы сабаққа бармағаны үшін айыппұл арқалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сот мәліметінше, П.-ның кәмелетке толмаған ұлы 2 қыркүйектен бастап сабақтан себепсіз қалған. 2025 жылғы маусымда да П. ұлы мектепке бармағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
ӘҚБтК-нің 127-бабы 2-бөлігінің санкциясы бойынша 15 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы көзделеді. Сот әйелдің кәмелетке толмаған балалары барын, кінәсін мойындауын және ауырлататын мән-жайлар жоқтығын ескере отырып, айыппұл мөлшерін 30%-ға азайтты.
Сот қаулысымен П. ӘҚБтК-нің 127-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 41 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!