- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жамбыл облысында ауру...
Жамбыл облысында ауру малдардың еті сатылған
Жамбыл облысында ауру малдардың еті сатылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Жамбыл облысының прокуратурасы ветеринария туралы заңнаманың қолдануы сұрақтары бойынша тексерулер жүргізді.
Нәтижелері бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын есепке алу, қауіпті аурулар ошақтарының алдын алу мен жою және вакцинациялаудың бақылаусыз болу сұрақтарында жүйелі бұзушылықтар анықталды.
Кейінгі 3 жылда облыста эпизоотиялық жағдайды жақсартуға 6,8 миллиард теңге бөлінгеніне қарамастан, сібір жарасы жағдайы қанағаттандырмайды.
Вакцинацияланған жануарлар мен нақты мал басы туралы мәліметтердің сәйкес келмеу дерегі анықталды.
Одан бөлек Шу, Байзақ және Талас аудандарында ауру салдарынан сойылған малдың кейін сатылғаны анықталды.
1400-ден аса жануар өлімі туралы мәліметтер болған кезде меншік иелері ветеринариялық инспекцияны хабардар етпей, тиісінше жануарлар өлімінің себептері анықталмаған.
Тексеріс нәтижесінде, жануарлар жаппай сырқаттанған, ал бұл бойынша карантин жарияланбаған.
Жуалы ауданында 500 бас лейкозбен жаппай сырқаттану дерегі бойынша карантин шаралары енгізілмеген.
Мал етін тасымалдауда, мал шаруашылығы өнімдерін сою және қайта өңдеу цехтарының қызметіне анықтама беру кезінде көптеген бұзушылық ашылды. Мысалы, Тараз аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын стихиялық саудалаумен және союмен ұзақ уақыт айналысатын 2 цех анықталды, олар уәкілетті органдардың назарынан тыс қалған.
Күнделікті халық сауда жасайтын Тараздың үш ірі азық-түлік базарында қой еті мен сүт өнімдеріне міндетті зертханалық зерттеулер жүргізбеу дерегі анықталды.
Барлық бұзушылық бойынша кінәлі лауазымды адамдардың әкімшілік және тәртіптік жауапкершілігі шешілді, сондай-ақ, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетіне қадағалау актісі енгізілді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек