Жамбыл облысында ауылдағы аулаларды су басты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, бүгін сағат 10.42-де Жамбыл облысы Түрксіб ауылында 3 аула су астында қалған. Оған жер асты суларының көтерілуі әсер еткен.
"Тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқ. Дренаждық канал және суды ағызу үшін бос орын болмауына байланысты ТЖД және ЖАО 18 адамы және 10 техникасы дренаждық каналды қазу және су айдау жұмыстарын бастады", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Еске салайық, бұған дейін нөсер жаңбыр салдарынан Шымкентте 15 ауланы су басқаны хабарланды.
Түркістан облысында да су басқан көшелерді тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!