Жамбыл полициясы әуеге оқ атқан ер адамға қатысты түсініктеме берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлеуметтік желілерде полиция қызметкері өз тойында әуеге қарудан оқ атты деген ақпарат тарады. Жамбыл облысы Полиция департаменті бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдарын бастады.
Тергеу барысында оқ атқан ер адамның 28 жастағы уақытша жұмыссыз, Тараз қаласының тұрғыны екені анықталып, оның полиция қызметкері емесі және бұрын ішкі істер органдарында жұмыс жасамағаны белгілі болды.
Оқ атылған Сайга аңшы мылтығы заң жүзінде осы ер адамның атына тіркелгені және 2021 жылғы 1 маусымында оны алып жүруге рұқсат берілгені анықталды. Қазір қару тәркіленіп, сот-баллистика сараптамасы тағайындалды. Күдікті сот шешімімен үйқамаққа алынды.
Оның кінәсі дәлелденген жағдайда үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!