Жамбыл облысында атыс болды, төрт адам зардап шекті

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында төрт адам оқ жарақатын алды, полиция қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"29 шілдеде сағат 21:30 шамасында Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық ауруханасына оқ жарақатымен төрт ер адам жеткізілді", - деп жазылған хабарламада.

Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер травматикалық қарудан жараланған.

"Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы, 3-бөлігі, 99-бабы, 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп түсіндірді ведомство өкілі.

Құқық қорғау органдары күдікті адамдарды анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іздестіру іс-шараларын жүргізіп жатқаны айтылды.

"Болған оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу жүргізіліп жатыр", - деп толықтырды ПД баспасөз қызметі өкілі.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!