Жамбыл облысында әскери ұшқышсыз ұшу аппараты құлады

Жамбыл облысында әскери ұшқышсыз ұшу аппараты құлады
Фото: gov.kz

2 маусымда Қарулы Күштер Әуе қорғанысы күштерінің ұшқышсыз ұшу аппараты жоспарлы оқу-жаттығу кезінде Жамбыл облысы Талас ауданы аумағына штаттан тыс жағдайда қонған. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

"Жергілікті тұрғындар мен инфрақұрылым нысандарына қауіп төнген жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша оқиғаға техникалық ақаулар себеп болуы мүмкін. Барлық мән-жайды анықтау үшін оқиға орнына арнайы комиссия жіберілді", - деп жазылған хабарламада.

Аумақты тексеру және оқиғаның себептерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратының сынықтары табылды. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget