Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданында әскери киімдегі белгісіз ер адам тұрғындардың үйіне кіріп, соққыға жыққан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, оқиға 12 желтоқсанда болған. Тұрар Рысқұлов аудандық полиция бөліміне әскери киімдегі белгісіз ер адамның Құлан ауылындағы бірнеше үйге кіріп, тұрғындарға дене жарақатын келтіргені туралы хабарлама түскен.
Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады!
Ер адам кешкі уақытта үй ауласында орналасқан дүкенге кіріп, 45 жастағы азаматшаның бетінен ұрғаны белгілі болды. Содан соң осы көшеде орналасқан тағы екі пәтерге бөлек кіріп, алдынан шыққан 45 және 43 жастағы азаматшаларды ұрып-соққан. Соңғы азаматшаның үйіндегі жолдасы ер адамды ұстап, полиция қызметкерлерін шақыртқан.
Шақырту бойынша шұғыл жеткен полиция қызметкерлерімен 22 жастағы әскери қызметші полиция бөліміне жеткізіліп, тиісті жедел іс-шаралар жүргізілді.
Бұл дерек бойынша Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының Тараз қаласы бойынша департаментімен ҚР ҚК 149-бабы 2-бабымен соталды тергеу амалдары басталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!