Жамбыл облысы Қордай аудандық соты табельдік қаруынан оқ атқан әскери қызметшіге қатысты ҚР Әскери қызмет саласындағы заңнамасын бұзу фактісі бойынша әкімшілік істі қарады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2024 жылдың мамырында кіші сержант жарғылық ережелер мен бөлім командирінің бұйрығын бұзып, БӨП-да тәуліктік кезекшілікте (нарядта) болған кезде қаруды қаруқаптан шығарып, оқтап, атып жіберген.
Сотта құқықбұзушы өзінің кінәсін толық мойындап, қаржылық қиындықтарға байланысты айыппұл төлей алмайтындығын көрсетіп, қамақ түріндегі жаза тағайындауды сұрады.
"Сот қаулысымен әскери қызметші ӘҚБтК 652-б. 6-б. бойынша кінәлі деп танылып, ол 5 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды. Жазасын өтеу үшін ол Алматы облыстық гарнизоны әскери полиция бөлімінің гауптвахтасына жіберілді", – делінген сот үкімінде.
Қаулы заңды күшіне енді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!