Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысындағы әскери бөлімдердің бірінде қарауыл бастығы оқ жарақатынан қаза тапқаны туралы ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігі желіде тараған ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желідегі мәліметке сүйенсек, әскери бөлімнің қарауыл бастығын қарамағындағы қызметкер атып алған. Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілгенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.
ІІМ Әскери-тергеу департаменті бұл жайтты растады.
"Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы тергеу әрекеттері мен процессуалдық шаралар нәтижесінде анықталады", - деп жазылған хабарламада.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова