- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жамбыл облысында "Асарлатып...
Жамбыл облысында "Асарлатып үй салу" жобасы аясында 2 отбасы баспаналы болды
Жамбыл облысында "Асарлатып үй салу" жобасы қолға алынып, көптеген мұқтаж отбасылар баспаналы болуда.
Бұл жолы Талас ауданының орталығы, Қаратау қаласында 2 отбасының үйіне жөндеу жұмыстары жүргізіліп пайдалануға берілді.
Талас ауданының әкімі Нұрбол Жүнісбеков қоныс той иелерін арнайы құттықтап, барша ат салысқан азаматтарға, жеке кәсіпкерлерге және мекемелерге ризашылығын жеткізді.
Баспаналы болған отбасылардың Қаратау қаласының әкімі Дархан Байымбетовке айтал алғысы үлкен. Тәжірибелі әкім жергілікті жұртшылықты сауапты іске жұмылдыра білген.
"Дархан Тобашұлы былтыр да Қаратау қаласында үш отбасын осы жоба аясында баспанылы болуына ұйытқы болған. Биыл міне, екі шаңырақ шаттық тойын тойлауда. Алғыс арқалаған алысқа барады дейді ғой. Абыройлы болсын әрқашан"деп жаңа қоныс иелері ағынан жарылды.
"Асар – ауыз біршілікті нығайтып, халықтың басын қосатын, ежелден келе жатқан ігілікті іс. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дегендей, қолда барын бір-бірімен бөлісіп, біріне-бірі қамқор тілеулес болған ұлттың ұлылығы да осында. Міне бүгінде бірлікпен жасалған еңбек еленіп, Қаратау қаласының тұрғынының баспанасы демеушілер есебінен жөндеуден өтіп, кілті табысталуда. Жақынына жанашырлықпен қараған қазақ халқы ынтымағымен ырысын арттыратынын тағы бір көрсетуде", - деді аудан басшысы.
Жалпы "Асарлатып үй салу" жобасы аясында аудан бойынша былтыр 9 үй салынса, биыл да 9 баспана тұрғызу жоспарланған. Қазірге дейін 5 үйдің құрылысы аяқталды, қалғаны жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.
Жамбыл облысының әкімдігі ұсынған материал
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина