Жамбыл облысында аса ірі партияда трамадол тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, арнайы іс-шаралардың нәтижесінде Байзақ ауданы Үлгілі ауылының 53 жастағы тұрғыны ұсталды.
Күдіктінің үйін тінту барысында оның бөлмесінен 3 430 дана "Трамадол", 90 дана "Самнол", 138 дана "Тропикамид" тәркіленді.
Барлығы 3 430 таблетка, 514 грамм 5 миллиграмм синтетикалық зат алынды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Ұсталған адам өз кінәсін толық мойындады. Күдіктіге 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!