Жамбыл облысында арнайы қызметке мұқтаж 275 адамға әлеуметтік көмек көрсетілмеген

Жамбыл облысында арнайы қызметке мұқтаж 275 адамға әлеуметтік көмек көрсетілмеген
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Жамбыл облысында арнайы қызметке мұқтаж 275 адамның құқығы қорғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап. 

Жамбыл облысы Талас ауданының прокуратурасы 185 мүмкіндігі шектеулі адамның және егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ 90 адамның құқығына нұқсан келтіру дерегі анықтады.

Уәкілетті орган бұл тұлғаларды тасымалдау және күтумен айналысатын мердігерді анықтауға байланысты мемлекеттік сатып алу рәсімін негізсіз созып, бұзғаны анықталды.

Мемлекет белгілеген көмек қаңтар-наурыз айлары аралығында көрсетілмеген, бұл наразылық тудырған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша бұзушылықтар жойылды.

Қазір мердігер анықталып, заңнамада көзделген арнайы әлеуметтік көмек көрсетіп жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек