Жамбыл облысында салмағы 6 келіден асатын сәби дүниеге келді. Мұндай балалар дүниежүзілік акушерлік практикада "алып ұрық" деп аталады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, дәрігерлер мен олардың жоғары білігінің арқасында жас әйел алғашқы сәбиін аман-есен дүниеге әкелді. Әйел кесарь тілігі арқылы босанған және жарақаттары мүлдем болмаған.
"Салмағы 6 келі 140 грамм болып сәби дүниеге келді. Бүгін Қордай аудандық ауруханасы анасы мен жаңа туған нәрестені перзентханадан шығаруға дайындалып жатыр", - деп хабарлады ведомство.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз