Жамбыл облысында алапат орман өрті шықты

Жамбыл облысында алапат орман өрті шықты
Фото: Тұрар Қазанғапов

Жамбыл облысы Сарғобы орман шаруашылығы ауданында өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

04 маусымда 16:20 уақыт шамасында Меркі ауданының "Меркі ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" КММ- нің Сарғобы орманшылығында (30,31 орамдары - еск.) 1650 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді.

"Өрт орнында орман шаруашылығының қызметкерлері (25 адам, 3 трактор) жұмыс істеп жатыр. Оқиға орнына орман шаруашылығынан 7 трактор 3 автокөлік 22 адам және ТЖБ бөлімдерінен 84 адам 9 техникамен шықты. Жел оңтүстік бағытта секундына 10-12 метр. Ауа температурасы +30. Орман шаруашылығы аудандағы ең жақын елді мекеннен 160 шақырым қашықтықта орналасқан. Меркі ауданы аумағынан шыққан өрт Т.Рысқұлов ауданына өткен. Қазір бұл ауданда 3 бригада, 16 адам, 5 техника жұмылдырылған", - делінген хабарламада. 



Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек