Жамбыл облысында жер қатынастары саласы бойынша әкімдік қызметкері сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Байзақ ауданының прокуратурасы лауазымды тұлға жер беру кезінде заңсыздыққа барғанын талдау барысында анықтаған.
"Аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы ресми құжаттарға жалған мәліметтер енгізіп, 4 жеке тұлғаға 465 гектар жалға берілетін жерді заңсыз алуға мүмкіндік берген", - деп жазылған хабарламада.
Осы дерек бойынша аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 369-бабының 1-бөлігі (қызметтік жалғандық) бойынша соталды тергеуді тіркеген.
29 сәуірде аудандық соттың үкімімен жергілікті атқарушы органның бас маманы мемлекеттік қызметте белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айрыла отырып, 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. Ал жер телімдері мемлекетке толық қайтарылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!