Жамбыл облысында Mercedes танкімен соқтығысты

28 тамызда Жамбыл облысында Mercedes көлігі мен Т-72 танкісі соқтығысты. Жеңіл көлік жүргізушісі зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиғаның мән-жайын Қорғаныс министрлігі хабарлады.

"Мәтібұлақ" оқу-жаттығу полигоны аумағында әскери техниканы жылжыту кезінде Mersedes автокөлігі жол қозғалысы ережесін бұзып, Т-72 танкімен соқтығысқан, әскери техника жүріп жатқан аумаққа "Танкіге жол бер" белгісі қойылған. Оқиғаға қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Ведомство көлік жүргізушісі жеңіл жарақат алғанын, ешқандай шағымы жоқ екенін, өзін ауруханаға жатқызудан бас тартқанын мәлімдеді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!