Жамбыл облысында 700 миллион теңгеден аса бюджет қаражаты негізсіз жұмсалмақ болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыс прокуратурасына сілтеме жасап.
Қордай ауданының прокуратурасы бюджет заңнамасы саласында жүргізген талдау нәтижесі бойынша аудан әкімдігі қызметінде бұзушылықтарды анықтады
Жергілікті атқарушы орган растайтын қажетті құжаттарсыз және негіздемесіз бюджеттің шығыс бөлігіне 700 миллион теңгеден астам қаражатты енгізген.
Мысалы, әкімдік шығыс бағанасына су құбыры люктерін орнатуға 67 миллион теңге қаражат қарастырған.
Алайда шығыстың осы бағытының экономикалық негіздемесі айқындалмаған.
Нәтижесінде прокурорлық қадағалау актісімен 700 миллион теңгеден астам бюджет қаражатының жұмсалуы алдын алынды.
6 лауазымды тұлға заң бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!