- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жамбыл облысында 40...
Жамбыл облысында 40 келіден аса есірткі сақтаған шопан ұсталды
Жамбыл облысында 40 келіден аса есірткі сақтаған шопан ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жамбыл облысында жедел уәкілдер шаруа қожалығының аумағында 40 000 дозадан асатын марихуана тәркіледі. Есірткіні аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен Павлодар облысының 47 жастағы тұрғыны ұсталды. Ер адам Меркі ауданында малшы болып жұмыс істеген. Күдіктінің айтуынша, жабайы қарасораны тауып, оны жинап, кептіріп, өзі тұтыну үшін сақтаған.
Іздеу барысында күдіктінің күртешесінен марихуана орамасы табылды. Тәркіленген заттың көп бөлігі жақын маңдағы мал фермасында сақталған.
Шаруа қожалығының аумағындағы сарайдан 3 полиэтилен пакет жасырылған орын табылды. Онда жабайы қарасораның сабақтары болған. Сонымен қатар, есірткі шегуге арналған пластикалық бөтелке табылды. Күдікті марихуананы қыста өзі тұтыну үшін дайындағанын мойындады.
"Полицейлер барлығы 40 келі 240 грамм кептірілген марихуананы тәркіледі. Ұсталған адам ұрлық жасағаны үшін бұрын сотты болған. Ол өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта қамауға алынды", – дейді ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова