Жамбыл облысында жолда адасқан адамдар құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, 14 наурызда түнде сағат 01.50-де 4 адам, оның ішінде екі бала мен жүкті әйел жеңіл көлікпен шыққан.
"Олар Түркістан облысынан Жаңатас қаласына бара жатқан жерінде адасып, балшықта қалып қойды", - деп жазылған ведомство хабарламасында.
Құтқарушылар 5 шақырым жаяу жүріп, 4 жолаушысы бар 1 жеңіл автокөлікті балшықтан шығарып алды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз